Атырау, 19 қаңтар 19:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -16
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

«Атырау» ФК жекеменшік клубқа айналады: иесі анықталды

139 рет қаралды
"АЖ" коллажы
"АЖ" коллажы

«Атырау» футбол клубы жақын уақытта меншік түрін өзгертіп, жеке қолдарға өтуі мүмкін. 

Бұл туралы спорт журналисі Эльдар Аманбаев өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Оның дерегінше, Батыс Қазақстандағы ірі логистикалық «Ақ-руно» компаниясының иесі Әлімбек Мұқанов клубты сатып алу үшін құжаттарды рәсімдеу процесін бастап кеткен.

«Осылайша, жақын арада “мұнайшылар” Қазақстан Премьер-лигасындағы алтыншы жекешелендірілген клубқа айналады», — деп жазды журналист.

Егер мәміле аяқталса, «Атырау» ФК қазірдің өзінде жеке меншікке өткен «Жеңіс», «Елімай», «Ақтөбе», «Қызылжар» және «Қайсар» клубтарының қатарына қосылады.

Бүгін, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.