
Жарқайың ауданында аудан прокурорының жеке қабылдауына түскен азаматтың өтініші бойынша ақша бопсалау фактісі тоқтатылды.
Өтініш берушіге үшінші тұлға тарапынан күш қолдану қатерімен ақша беру талаптары қойылып, соның салдарынан оның заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылғанын хабарлаған.
Өтінішті қарау нәтижесінде қылмыстық іс Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, жиналған жеткілікті дәлелдемелер істі сотқа жолдауға мүмкіндік берді. Адам кінәлі деп танылып, үкім заңды күшіне енді.
Прокурордың жеке қабылдаулары азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетігі болып қала береді.
В Атырау -16