
Орал қаласында полиция аса ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы азаматты қолға түсірді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
17 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қылмыстық полиция басқармасымен бірлесіп, «Беркут» арнайы жасағының қолдауымен жедел ақпарат негізінде күдіктіні ұстады.
Анықталғандай, ол 2024 жылдан бері Орал қаласында жасалған ер адамды өлтіру дерегі бойынша халықаралық іздеуде жүрген. Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ішкі істер министрлігі өткен жылдардағы ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді.
В Атырау -15