Атырау, 19 қаңтар 16:07
 ашықВ Атырау -15
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Луврдағы ұрлықтың жаңа кадрлары жарияланды

87 рет қаралды

Француз телеарналары Париждегі Лувр музейінде болған атышулы ұрлықтың бұрын көрсетілмеген бейнежазбаларын жариялады, деп хабарлайды Коммерсантъ. 

TF1 арнасының «Sept Huit» бағдарламасында көрсетілген кадрлардан қылмыскерлердің қорғаушы витриналарды бұзып жатқан сәті анық көрінеді.

Видеода алдымен ұрылардың витринаны белгісіз құралмен ашуға тырысқаны байқалады. Кейін олардың бірі әйнекті шынтағымен және жұдырығымен сындырған, ал екіншісі панельді жұдырықпен ұрып, экспонаттарды қолды қылған.

Оқиға 2025 жылдың 19 қазанында болған. Екі ер адам автомұнара арқылы музейдің екінші қабатына көтеріліп, терезені сындырып ішке кірген. Қылмыстан кейін олар сыбайластарының көмегімен ізін жасырған.

Полиция төрт күдіктіні ұстағанымен, ұрланған құндылықтар әлі табылған жоқ. BFMTV дерегінше, Луврдан 8 мыңнан астам бриллиант пен 200 інжу-маржан ұрланған.

Бүгін, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.