Атырау, 19 қаңтар 14:44
 ашықВ Атырау -15
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Маңғыстау облысында бопсалау дерегі бойынша күдіктілер ұсталды

106 рет қаралды

Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында бопсалау дерегі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

26 жастағы жәбірленуші полицияға арызданған. Оның айтуынша, күдікті интимдік сипаттағы фотосуреттерін әлеуметтік желілерде және туыстарына жариялаймын деп қорқытып, 1 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен. Тергеу материалдарына сәйкес, ол 17 қаңтарда WhatsApp арқылы алдымен 200 мың теңге аударуды, қалған 800 мың теңгені 20 қаңтарға дейін беруді талап еткен.

Жедел шара нәтижесінде 17 қаңтарда Жаңаөзен қаласында екі ер адам ұсталды. Тінту кезінде олардың қолынан көк түсті iPhone 14 Pro Max және қара түсті iPhone 11 тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

Бүгін, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.