Атырау, 19 қаңтар 13:57
 ашықВ Атырау -15
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

​Шымкенттегі университетте 321 млн теңге жымқырылуына қатысты іс сотқа жолданды

91 рет қаралды
ChatGPT жасаған көрнекі сурет
ChatGPT жасаған көрнекі сурет

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Қылмыстық іс сотқа жолданды. 

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер қатарында бұрынғы бірінші проректор, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі, сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшылары бар.

Қатысушылар не үшін күдікті болды? 

ҚМА хабарлағандай, күдіктілер тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген немесе жасанды түрде қымбат бағамен сатып алынған,
жалған мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқан.

Байланысы бар жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың шоттарына аударылған қаражат кейінен қолма-қол ақшаға айналдырылып, қылмыстық қатысушылар арасында бөлінген.

Тергеу кезінде университет басшылығы нарықтық құны 200 мың теңгеден аспайтын бір креслоны 20 млн теңгеге сатып алған дерек анықталды.

Жымқырған қаражаттың ізі жасырылған

Нақты жеткізілімдердің болмауын жасыру мақсатында күдіктілер тозған тауарлық-материалдық құндылықтарды балансынан формалды түрде есептен шығарып, оларды іс жүзінде пайдалануды жалғастырған. Ал есептен шығарылған мүліктің орнына келуі тиіс жаңа тауарлар мүлдем жеткізілмеген.

Келтірілген залал мен мүлікке тыйым салу

Нәтижесінде мемлекетке 321 млн теңге көлемінде залал келтірілді. Тергеу барысында күдіктілер  264 млн теңгені ерікті түрде өтеді.

Соттың санкциясымен олардың мүлкіне — 4 тұрғын үйге, 1 автокөлікке және банктік шоттардағы 40 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатқа тыйым салынды.

Бүгін, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.