Атырау, 19 қаңтар 13:57
 ашықВ Атырау -15
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Атырау соттары 2025 жылдың жұмысын қорытындылады

99 рет қаралды

Атырау облыстық сотында 2025 жылдың жұмысын қорытындылау бойынша кеңейтілген кеңес өтті, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Оның жұмысына облыстық сот төрағасы Мухтар Парменов, облыстық соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Сот әкімшілігі департаментінің басшылығы, қалалық және аудандық соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Кеңес барысында сот алқалары төрағаларының 2025 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша баяндамалары тыңдалды.

Қылмыстық алқаның төрағасы Тәтті Уалиева соттарға түсіп, аяқталған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер санының артқанын, бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғалар санының үлес салмағының, күзетпен ұстауды санкциялау санының азайғанын атап өтті.

2025 жылы облыс соттарымен 1 650 тұлғаға қатысты 1 267 іс қаралды, оның ішінде 1 154 тұлғаға қатысты 895 іс үкім шығарумен аяқталып, 1 137 тұлға сотталды, 17 тұлға ақталды.
Медиатордың қатысуымен 9 қылмыстық іс қаралды (4,4%).
Апелляцияда 380 іс қаралды.
Облыс соттарымен 21 886 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Апелляциялық сатыда 563 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Медиацияны қолданумен 1 842 іс қаралды (8,4%).

Азаматтық алқа төрағасының міндетін атқарушы Сағат Хасан 2024 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда облыс соттарына келіп түскен талап қоюлар санының 5 716-ға артқанын, татуластыру рәсімдерін қолданумен аяқталған істер санының 776-ға артқанын атап өтті.

Облыс соттарымен 21 189 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 12 364 іс бойынша шешім шығарылған.
Татуластыру рәсімдерімен аяқталған азаматтық істердің саны 3 093 істі құрады.
Азаматтық істер бойынша облыс соттарымен 78 жеке ұйғарым шығарылды.
Апелляциялық тәртіпте 1 142 іс қаралды.

Әкімшілік алқаның төрағасы Анаргүл Салихова әкімшілік әділет жұмысы туралы ақпарат беріп, әкімшілік істер бойынша талап арыздар санының 157 іске артқанын айтты.

Есепті кезеңде облыс соттарымен 1 203 әкімшілік іс қаралды, оның ішінде шешім шығарумен 390 іс қаралды. Қанағаттандырылғаны – 230 (58,9%).
Татуластыру рәсімімен 141 әкімшілік іс қаралды (10,7%).
Талап қоюшылармен 242 талап қою (18,4%) қайтарылып алынды.
Әкімшілік істерді қарау нәтижесі бойынша 32 ақшалай өндіріп алу қолданылып, 28 жекеше ұйғарым шығарылды.
Апелляциялық алқамен 192 әкімішілік іс қаралды.

Кеңес барысында Сот әкімшілігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Г.Джумагалиеваның, Судьялар одағы Атырау облысы филиалының Судья әдебі жөніндегі комиссиясының төрағасы А.Ташенованың, Судьялар одағы Атырау облысы филиалы төрағасының міндетін атқарушы Ж.Хабаровтың баяндамалары тыңдалды.

Жұмысты қорытындылай келе, облыстық сот төрағасы М.Парменов судьялар корпусы алдына бірқатар басым міндеттерді белгіледі. 

Соттардың төрағаларына ескерту бере отырып, соттардың төрағалары мен сот алқасының төрағаларына сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту бойынша тапсырмалар берді, заңнама талаптарының сақталуына назар аударып, істерді қарау мерзімдерін кешіктіруге жол бермеуді, татуластыру рәсімдерін арттыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Бүгін, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.