
Испанияның оңтүстігінде жексенбі күні ірі теміржол апаты болды, деп хабарлайды Euronews.
Жоғары жылдамдықты пойыз рельстен шығып, қарсы бағыттағы құраммен соқтығысып, салдарынан кемінде 21 адам қаза тапты, жүзге жуық жолаушы жараланды.
Испанияның теміржол операторы Adif мәліметінше, жараланғандардың 73-і алты түрлі ауруханаға жеткізілген.
Апат Малага–Мадрид бағытындағы кешкі пойыздың Уэльвуға қарай келе жатқан құраммен соқтығысуынан болған.
Аймақтық азаматтық қорғау қызметінің жетекшісі Мария Белен Моя Рохас Canal Sur телеарнасына берген сұхбатында оқиға таулы, қолжетімсіз жерде болғандықтан құтқару жұмыстары күрделі жүргізіліп жатқанын айтты. Оның сөзінше, жергілікті тұрғындар зардап шеккендерге одеяла мен су жеткізіп, көмек көрсеткен.
Оқиғаға байланысты Мадрид вокзалында пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылды. Құтқару жұмыстары әлі жалғасуда.
В Атырау -15