Атырау, 12 ақпан 11:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34

​Абай облысында прокуратура жер пайдалану және орманды қорғау саласындағы заңбұзушылықтарды анықтады

185 рет қаралды
Фото: freepik.com
Фото: freepik.com


Бородулиха ауданының прокуратурасы мемлекеттік жерлерді заңсыз иелену және орманды заңсыз кесу фактілерін анықтады.

 
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Ертіс орманы» МОТР РММ-нің лауазымды тұлғалары заңды негіздерсіз Успенка және Поднебесное елді мекендерінің жайылымдық алқаптарына дайындалған ағаш материалдарын орналастырған.
 
Аталған жер учаскелері «Ертіс орманы» МОТР РММ-не пайдалануға берілмеген.
 
Жерді заңсыз пайдалану фактілері бойынша «Ертіс орманы» МОТР РММ-нің екі лауазымды тұлғасы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұлдары төленді.
 
Сонымен қатар, Новошульба филиалының Успенка орманшылығында жалпы көлемі 96,7 м³ болатын «қарағай» тұқымдас 92 ағаштың заңсыз кесілуі анықталды. Келтірілген залал 760 мың теңгеден асты.
 
Аталған факт бойынша аудан прокуратурасы материалдарды АЕК-датіркеп, полиция органдарына жолдады, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
 
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша орман шаруашылығының лауазымды тұлғалары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
 
Жер пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі прокуратура органдарының жұмысы жалғасуда.

19 қаңтар, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.