Атырау, 19 қаңтар 13:00
 ашықВ Атырау -15
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Ирандағы наразылықтарда қаза тапқандар саны 4 мыңға жуықтады

93 рет қаралды

Иранда экономикалық қиындықтарға байланысты басталған наразылық акциялары кезінде қаза тапқандар саны 3 919 адамға жетті. Бұл туралы АА АҚШ-тың Вирджиния штатында орналасқан Human Rights Activist News Agency (HRANA) агенттігіне сілтеме жасап хабарлады

Агенттіктің дерегінше, ел бойынша 24 669 адам ұсталған.

Наразылықтар 2025 жылғы 28 желтоқсанда Тегерандағы тарихи «Гранд-базарда» басталып, ұлттық валютаның күрт құнсыздануына байланысты дүкен иелерінің наразылығынан кейін елдің көптеген қалаларына тараған.

2026 жылғы 8 қаңтарда Тегеранда жағдай күрт шиеленісіп, наразылар автобустарды, жедел жәрдем көліктерін, ондаған тұрғын үйді, банктерді, мешіттерді, ауруханаларды және басқа да мемлекеттік нысандарды өртеп, қиратқан. Осыдан кейін билік ел бойынша интернетке қолжетімділікті шектеді.

HRANA деректерді жаңартып, қаза тапқандар мен ұсталғандар санының артып отырғанын хабарлауда. Ал Иран билігі ресми статистиканы әлі жариялаған жоқ. Бұған дейін ресми органдар шамамен үш мың адамның ұсталғанын, олардың «террористік ұйымдар мүшелері немесе арандатушылар» екенін мәлімдеген.

Иранның жоғарғы жетекшісі аятолла Али Хаменеи 17 қаңтарда наразылықтар кезінде «Израиль мен АҚШ-пен байланысты тұлғалар елге үлкен зиян келтіріп, бірнеше мың адамның қаза болуына себеп болды» деп мәлімдеді.

Бүгін, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.