Атырау, 19 қаңтар 13:00
 ашықВ Атырау -15
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Маңғыстауда өрт сөндіру көлігі жол апатына ұшырап, екі адам көз жұмды

103 рет қаралды

Сурет: lada.kz
Сурет: lada.kz

Жаңаөзенде төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру көлігі мен жеңіл көліктің қатысуымен болған жол апаты орын алып, екі адам көз жұмды деген хабарлама әлеуметтік желіде тарады, полиция бұл ақпаратты растады деп жазады Sputnik.kz.

Сурет: lada.kz
Сурет: lada.kz

"18 қаңтар түні Жаңаөзен қаласындағы Манат көшесінде Lifan көлігі мен шақыруға бара жатқан өрт сөндіру көлігінің қатысуымен жол апаты болды. Соқтығысу салдарынан өрт сөндіру көлігі қоршауға және жеке үйге соғылды"
, - деп хабарлады полицияда.

Жол апатынан екі адам көз жұмды, тағы бес адам, оның ішінде өрт сөндіру бөлімінің үш қызметкері ауруханаға жеткізілді.

Полиция апаттың мән-жайы мен себептерін анықтау үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бүгін, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.