Атырау, 16 қаңтар 22:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -9
$ 510.95
€ 594.49
₽ 6.50

ТЖД Жангелдинде жоғалған тұрғындарды іздеуді тоқтатты​

117 рет қаралды

Жангелдин ауылында Наурыз бен Мирамгүлді іздеуге бағытталған іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық полиция департаментінің ресми сұрауы бойынша құтқару бөлімшелері тартылып, елді мекен аумағы толық тексерілген.

— Полиция белгілеген барлық учаскелер толық тексерілді. Қазіргі уақытта полиция департаментінен іздестіруді жалғастыруға қатысты жаңа тапсырмалар немесе бағыттамалар түскен жоқ, — деп мәлімдеді ТЖД.

Еске сала кетейік, бір отбасының мүшелерін іздеу былтырғы 25 желтоқсанда туыстары құқық қорғау органдарына жүгінгеннен кейін басталған еді. Тергеу барысында қорадан үй иесі мен оның жұбайының денелері табылған болатын. Алайда олардың балалары — Наурыз бен Мирамгүл әлі күнге дейін табылған жоқ.

Сонымен қатар қаза тапқандардың күйеу баласы — Сұлтан Сарсемалиевтің қайда екені белгісіз. Ол кісі өлтіру ісі бойынша күдікті ретінде қарастырылып отыр. Сондай-ақ оның жұбайы Ақбаян — қаза болған ерлі-зайыптылардың қызы — да із-түзсіз кеткен.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 20:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.