
Шымкент қаласында қызды ұрлап, некеге мәжбүрлеген және зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Полицияның хабарлауынша, жәбірленушінің арызы негізінде Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы — «Некеге тұруға мәжбүрлеу» бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар полиция басқармасына жеткізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген ведомство таратқан ақпаратта.
В Атырау -8