Атырау, 9 ақпан 20:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

​Қырғызстанда макулатура экспортына тыйым салынды

367 рет қаралды
Сурет: Freepik
Сурет: Freepik

Қырғызстанда қайта өңделген қағаз бен картон экспортына мораторий енгізілді, деп хабарлайды Kazinform.

Қырғыстанның министрлер кабинетінің кабылдаған қаулысына сәйкес, ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша жіктелген тауарларды алты ай бойы экспорттауға тыйым салынады. Бұл шаралар ішкі нарықты қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етуге бағытталған.

Қырғыз Республикасының Экономика және сауда министрлігіне белгіленген тәртіппен Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық комиссияны, ал Сыртқы істер министрлігіне ТМД Атқарушы комитетін уақытша тыйым салу туралы хабардар ету тапсырылды. Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі тауарлардың заңсыз экспортының алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауы тиіс.

16 қаңтар, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.