Атырау, 16 қаңтар 18:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.95
€ 594.49
₽ 6.50

​Лукашенко Қазақстан Президентінің қабілетін жоғары бағалады

100 рет қаралды
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Беларусь Президенті Александр Лукашенко көпшіліктің алдында қытай тілін жетік меңгерген Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың біліміне жоғары баға берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

16 қаңтарда өткен мемлекеттік маңызы бар жиында Александр Лукашенко Қытай-Беларусь индустриялық паркі әкімшілігінің жаңа басшысын тағайындау кезінде күтпеген мәлімдеме жасады. 

Қытаймен бірлескен ауқымды жобаны талқылау барысында ол тілдік кедергілерді жою мәселесіне тоқталып, Қазақстан Президентінің кәсібилігін мысалға келтірді.

"Міне, бізде Қазақстан Президенті Тоқаев кезінде аудармашы болып жұмыс істеген. Ол қытай тілін жетік біледі. Қазақстан Президенті – өте ақылды, парасатты адам. Ол да Құдай емес, бірақ үйренді ғой. Демек, үйренуге болады", – деді Александр Лукашенко "Ұлы тас" индустриялық паркінің жаңа басшысы Татьяна Харлапқа мысал ретінде келтіріп. 


Бүгін, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.