Атырау, 12 ақпан 11:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34

Қазақстанда бүйрегін сатпақ болған Ресей азаматшасы сотталды

406 рет қаралды
ЖИ шығарған сурет
ЖИ шығарған сурет

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты келісімдік іс жүргізуде тірі адамның ағзасына қатысты заңсыз мәміле жасауға оқталу туралы қылмыстық істі қарады.

Сот 2024 жылы Ресей Федерациясының азаматшасы пайдакүнемдік ниетпен «Telegram» мессенджері арқылы бүйрегін 50 мың АҚШ долларына сатуға келіскенін анықтады. Келісім шарттарына сәйкес, трансплантациялау Павлодар қаласында жасалуы тиіс болатын.

2025 жылы Д. Қазақстан Республикасына келіп, медициналық тексеруден өтті және алдын ала 5 000 000 теңге көлемінде ақшаны алған, содан кейін полиция қызметкерлерімен ұсталған. Қылмыс оған қатысы жоқ жағдайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмей қалды. 

Сот кінәсін мойындауын, өкінуін, асырауында жас балаларының болуын ескеріп, 10 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Күзетпен ұстауда болған уақытты ескере отырып, жаза өтелді деп танылып, сотталған әйел күзетпен ұстаудан босатылды.

16 қаңтар, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.