Атырау, 16 қаңтар 17:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.95
€ 594.49
₽ 6.50

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті бес жылға сотталды

102 рет қаралды

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Сеул соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльді қамауға алуға кедергі келтіргені үшін кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Meduza.

Бұл іс 2024 жылдың желтоқсанында елде әскери жағдай енгізуге талпынысымен байланысты. Юн Сок Ёль әскери жағдайды «просолтүстік күштерге қарсы шара» деп түсіндіргенімен, парламент бірнеше сағаттан кейін оны жойып, артынша импичмент жариялады. Президент биліктен шеттетіліп, кейін қамауға алынған.

Сот сондай-ақ оның әскери жағдай енгізу кезінде заңдық рәсімдерді сақтамағанын анықтады. Прокуратура бұрынғы президентке 10 жыл сұраған, бірақ ол өз кінәсін мойындаған жоқ.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ және шағымдануға болады. «Ренхап» агенттігі хабарлағандай, Юн Сок Ёльге қарсы сегіз қылмыстық іс қозғалған, олардың бірі – билікті узурпациялау әрекеті. Бұл іс бойынша айыптау тарап өлім жазасын талап еткен, ал үкім 19 ақпанда жарияланбақ.

Бүгін, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.