Атырау, 16 қаңтар 16:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.95
€ 594.49
₽ 6.50

Шымкентте қызды өлтіру ісін ІІМ қатаң бақылауға алды

87 рет қаралды
Фото: otyrar.kz
Сурет: otyrar.kz

Шымкент қаласында қызды өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.

Полиция қызметкерлері тарапынан уақтылы шаралар қабылданбауы мүмкін деген пікірлерге байланысты қызметтік тексеру тағайындалды.

Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеуді жүргізу үшін тәжірибелі мамандардан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Қылмыстық іс аясында барлық тергеу әрекеттері жалғасуда. Күдіктінің іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Барлық мәліметтер, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мұқият тексеріліп, талдануда.

ІІМ кез келген қатыгездік көріністеріне тосқауыл қойып, кінәлі адам заңға сәйкес тиісті жазасын алуы үшін барлық шараларды қабылдайтынын мәлімдеді.

Бүгін, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.