Атырау, 16 қаңтар 15:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.95
€ 594.49
₽ 6.50

Түркістан облысында әкесін азаптаған азамат 5 жылға сотталды

79 рет қаралды

Түркістан облысының Жетісай аудандық соты Қоссейіт ауылының 41 жастағы тұрғыны Алмас Садақбаевқа қатысты үкім шығарды. Ол өз әкесіне қатыгездік көрсеткені үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сот анықтағандай, 2020 жылдан бері денсаулығы нашарлап, қозғалуында қиындықтары бар 70 жастағы әкесін ол жүйелі түрде ұрып-соққан. Нәтижесінде жәбірленуші физикалық және психикалық азап шегіп, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келген. Кінә куәлардың айғақтары, аудио-бейне материалдар және сот-медициналық сараптамалар арқылы дәлелденді.

Іс барысында прокурор айыпталушыға 6 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Жәбірленушінің өкілі жеңіл жаза тағайындауды өтінсе, сотталушы кінәсін мойындап, өкініш білдіріп, жеңіл жаза сұрады.

Сот жаза тағайындау кезінде айыпталушының бұрын сотталмағанын, кінәсін мойындап өкініш білдіргенін және кәмелетке толмаған балаларының барын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Нәтижесінде сот С.-ға түпкілікті жаза ретінде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.