Атырау, 16 қаңтар 14:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.95
€ 594.49
₽ 6.50

Тоқаев Банктер туралы жаңа заңға қол қойды

96 рет қаралды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

Агенттік заңдарды Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірледіжәне оларда технологиялық өзгерістер, экономиканы қаржыландырудағы банк секторының рөлін арттыру, бәсекелестікті арттыру және нарыққа жаңа қатысушыларды тарту, сондай-ақ қаржылық технологияларды ілгерілету және цифрлық активтер айналымын ырықтандыру мәселелері ескеріледі.

Банктер туралы заңдағы банк қызметін реттеудің негізгі мақсаты банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Банктер туралы жаңа заң Қазақстандағы банктік реттеу мен қадағалаудың бес жылдық реформасының қисынды аяқталуы болды және қаржылық орнықтылықтың, бәсекелестіктің, цифрландырудың және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қазіргі халықаралық стандарттарына көшуді бекітті. Заң банк секторын институционалдық трансформациялау, қадағалау және реттеу моделін жаңғырту нәтижелерін көрсетті.

Реформа шеңберінде қолданыстағы реттеуге ауқымды ревизия жүргізілді. Іс-қимылды қадағалаудың заманауи тәсілдері енгізілді, банктердің төлем қабілетсіздігін реттеу тетіктері жаңғыртылды, корпоративтік басқару нормалары жаңартылды. Сонымен бірге  реттеуді ырықтандыру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, банк жүйесінің орнықтылығы мен ақпараттық қауіпсіздік талаптары арасындағы теңгерімді сақтай отырып, банк секторын технологиялық дамыту және инновацияларды енгізу үшін жағдайлар жасалады.

Жаңа Заңда алты негізгі бағыт көзделген.

Бүгін, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.