Атырау, 23 қараша 20:18
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытай әлемде бірінші болып жер астынан қала салғалы жатыр

2 070 просмотра

Қытай үкіметі әлемде бірінші болып жер астынан қала салғалы жатыр. Бұл туралы Беларусь телеграф агенттігі хабарлады.

БелТА тілшісінің ақпаратына қарағанда, Қытай билігі осы арқылы жер астынан орын алатын қалалардың тізбегін бастап кететін сияқты. Билік мұндай қадамға жер бетінде қаптап жүрген тұрғындарының санын кеміту үшін бармақшы. Және проблеманы осылай шешуге болатынына да сенімді.

Мұндай бірінші құрылыс КХР-дың оңтүстік-шығысында орналасқан Ченду қаласының астынан пайда болмақшы. Бұл толыққанды тұрғынжайлары, өзіндік сауда-сауықтыру орталықтары, ресторандары мен көлік тұрақтары, отельдері, мектептері мен ауруханалары бар қоныс болмақшы.

Жобаны жасаушылар «жер асты қаласына» талшық-оптикалық техниканың көмегімен күннің жарығын да беруге болады, деп есептейді. Қазір Қытайда жерасты кеңістігін игеру жұмыстарын жүргізетін компания құрылыпты. Ол елдің билігімен келіссөз жүргізіп жатыр.

Дереккөз:  Baq.kz

2 қазан 2013, 18:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.