
Қала тұрғындарын соңғы күндері жауған сары түсті қар алаңдатты. Мұндай тосын табиғи құбылыс бұған дейін де байқалған: екі жыл бұрын облыс орталығында қар қызғылт реңкке өзгерген еді. Бұл туралы «Жетінші арна» хабарлайды.
Экологтар бұл жолы да жағдайды бақылауға алғандарын айтып, алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді. Өндірістік аймақтарға жылжымалы экологиялық зертхана жіберілді. Сарапшылардың айтуынша, секундына 15–20 метрге дейін жеткен солтүстік-батыс жел қардың түсіне әсер етуі мүмкін. Ал зерттеу нәтижелері тұрғындар үшін қауіп жоқ екенін көрсетті.
Экология департаментінің ресми дерегінше, Өскеменнің атмосферасына жыл сайын 158 мың тоннадан астам зиянды заттар таралады:
- шамамен 50 мың тоннасы өнеркәсіп кәсіпорындарынан;
- 92 мың тоннасы автокөліктерден;
- қалған 14 мың тоннасы пеш арқылы жылытылатын жеке үйлерден шығарылады.
Департаменттің баспасөз хатшысы Аружан Мұсаханова автокөліктерден шығатын ластаушы қоспа кәсіпорындардан бөлінетін зиянды заттардан екі есе көп екенін атап өтті.
В Атырау -8