Атырау, 16 қаңтар 13:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.95
€ 594.49
₽ 6.50

​Римде көлік жылдамдығы сағатына 30 км-ге дейін шектелді

87 рет қаралды

Италия астанасы Римде қала орталығында көлік қозғалысына жылдамдық шектеуі енгізілді — енді жүргізушілер үшін ең жоғарғы жылдамдық 30 шақырым/сағат болып белгіленді, деп хабарлайды АА.

Муниципалитеттің 14 қаңтарда ресми жариялаған шешіміне сәйкес, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында орталықтағы шектеулі қозғалыс аймақтарында (ZTL) және 1000 көшеде жаңа шектеу қолданылады.

Осыған байланысты жол қозғалысына жауапты Рим қалалық полициясы патрульдеуді және бақылауды күшейтті.

Қалалық кеңестің көлікке жауапты мүшесі Эудженио Патане мәлімдемесінде олардың басты міндеті — жол-көлік оқиғалары мен соған байланысты шығындарды азайту екенін айтып, осы шараны енгізгендерін жеткізді.

Патане атап өткендей, ережелердің сақталуын бақылау үшін қаланың басты көшесі — Кристофор Колумб көшесіне жаңа жылдамдық өлшегіш камералар орнатылады. Сонымен қатар, бүкіл қала бойынша қауіпсіздігі күшейтілген 175 жаңа жаяу жүргіншілер өткелі салынады.

Екі жыл бұрын елдің солтүстігіндегі Болонья қаласы орталық үкіметтің теріс пікіріне қарамастан осындай жылдамдық шектеуін енгізген болатын.

Бүгін, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.