Атырау, 15 қаңтар 19:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Ақтауда әскери қызметкерді қызметтік көлік қағып кетті

110 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Ақтауда қызметтік КамАЗ көлігінің астында қалған әскери қызметкер қаза болды. Бұл туралы ҚР Әскери күштерінің Құрлық әскерлері ведомствосы хабарлады. 

Ведомство мәліметінше жол-көлік оқиғасы 2026 жылғы 14 қаңтарда Ақтау гарнизонының Оймаша әскери полигонынан бөлімшенің қайтып келе жатқан кезінде болған.  

"Қолайсыз ауа райы жағдайында, яғни көктайғақ, көріну нашарлап, қараңғы түскен уақытта КамАЗ автокөлігі келісімшарт бойынша қызмет атқаратын кіші сержант Г. есімді әскери қызметшіні қағып кетті", - деп хабарлады Құрлық әскерінің баспасөз қызметі. 

Жарақат салдарынан әскери қызметші оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

ҚР Қарулы Күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, отбасына заңнамаға сәйкес қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады. 

Бүгін, 18:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.