
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасанды интеллектке негізделген жаңа мобильді қосымшаны әзірлеп, іске қоспақ. «Imam AI» деп аталатын бұл қосымша сенімді дереккөздерге сүйене отырып, діни сұрақтарға жедел әрі нақты жауап беруге арналған.
Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.
«Заман талабына сай біз де жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни салада жүйелі түрде енгізуді қолға алуымыз қажет. Бұл, ең алдымен, халықтың діни сұрақтарына жедел әрі сенімді жауап беруге, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға жол ашады», – деді Бас мүфти.
Жаңа қосымшаның басты ерекшелігі – күнделікті өмірде туындайтын діни сұрақтарға лезде жауап беру мүмкіндігі. Сонымен қатар, барлық ақпарат тексерілген, сенімді дереккөздерге негізделген болады.
«Imam AI» қосымшасы халыққа қолжетімді болып, діни сауаттылықты арттыруға және ақпаратты дұрыс жеткізуге ықпал етеді деп күтілуде.
В Атырау -8