Атырау, 15 қаңтар 18:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Қазақстанда көліктің ерекше нөміріне қызығушылық артты: бір аптада 226 өтініш түсті

103 рет қаралды

Қазақстанда eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы пилоттық режимде іске қосылған мемлекеттік тіркеу нөмірін (МТНБ) онлайн алу бойынша жаңа қызметке сұраныс көп болды.  

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ хабарламасы бойынша, бұл қызмет түрі 2026 жылғы 8 қаңтарда іске қосылды. Алғашқы екі күнде 113 мыңнан астам өтініш берілген болса, 15 қаңтарға қарай олардың жалпы саны 226 мыңнан асты.

Қызметке өтініш берудің ыңғайлы болғаны сұранысты арттырды. Кейбір жағдайларда төлем жасағаннан кейін пайдаланушылар таңдаған нөмірдің әлі де қолжетімді екені көрініп тұрады. Көбіне бұл өтініштің соңғы кезеңіне келгенде толық аяқталмай қалуына байланысты болады. 

Мұндай жағдайда өтінішті қайта тапсырып, үшінші қадамда «Бұрын төленген» опциясын таңдап, банк пен төлем күнін көрсету қажет. Процедура аяқталған соң нөмір пайдаланушыға бекітіліп, басқа өтініш берушіге ұсынылмайды. 

Егер пайдаланушы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алудан бас тартса, ол ақшаны қайтару қызметін пайдалана алады. Ақшаны қайтару тәртібі туралы толық нұсқаулық eGov.kz әлеуметтік желілерінде қосымша жарияланады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ командасы пайдаланушы тәжірибесі мен жоғары жүктемені ескере отырып, сервисті жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруда. Барлық берілген өтініштер өңделетінін атап өтті. 

Жаңа жылдық мерекелерден кейін Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарында дүрбелең байқалды - қазақстандықтар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа ережелерді пайдаланып, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін ресімдеу үшін ХҚКО-ға жаппай ағылды.

Бүгін, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.