Атырау, 15 қаңтар 15:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Ұлыбритания Ирандағы елшілігін уақытша жапты

79 рет қаралды

Ұлыбританияның Тегерандағы елшілігі уақытша жұмысын тоқтатты, ал дипломатиялық миссияның барлық қызметкерлері елден эвакуацияланды. Бұл шешім Ирандағы жалғасып жатқан наразылықтар аясында қабылданды, деп хабарлайды АА.

«Тегерандағы Ұлыбритания елшілігі уақытша жабылды. Иранға сапарға қатысты ұсыныстарға, соның ішінде консулдық қызметтер туралы ақпаратқа өзгерістер енгізілді», – делінген Ұлыбритания үкіметінің ресми мәлімдемесінде.

14 қаңтарда Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында елшіліктің уақытша жабылуы туралы ақпарат жаңартылды. Бұған дейінгі ескерту 9 қаңтарда жарияланған болатын.

Мәлімдемеде қауіпсіздік себептеріне байланысты елшіліктің барлық қызметкерлері Ираннан шығарылғаны айтылды. Дипломатиялық өкілдік қызметін қашықтан жалғастырады.

Ұлыбритания азаматтарына және қос азаматтығы бар адамдарға қатысты Иранда ұсталу және тергеуге алыну қаупі жоғары екені атап өтілді. «Британдық паспорттың болуы немесе Ұлыбританиямен кез келген байланыс ирандық билік үшін жеткілікті негіз ретінде қарастырылуы мүмкін», – делінген құжатта.

Сонымен қатар, наразылықтар өтетін аймақтарда аса сақ болу қажеттігі айтылып, Иранға сапардан толықтай бас тарту ұсынылды.

Ұлыбритания билігі Иран аумағында өз азаматтарына көмек көрсету мүмкіндігінің шектеулі екенін ескертті: «Төтенше жағдайда консулдық қызметтер көрсетілмейді. Егер сіз Иранда қиын жағдайға тап болсаңыз, Ұлыбритания үкіметі сізге көмектесе алмайды», – делінген ресми мәтінде.

Бүгін, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.