
Украина Жоғарғы Радасы 14 қаңтар күні елдегі әскери жағдай мен жалпы мобилизацияны тағы 90 күнге ұзарту туралы заң жобаларын қабылдады. Бұл бастаманы президент Владимир Зеленский ұсынған, деп хабарлайды dw.com.
Осылайша, әскери жағдай 3 ақпаннан бастап 4 мамырға дейін жалғасады. Заң жобасын 330 депутат қолдады (қажетті минимум – 226 дауыс). Сонымен қатар, жалпы мобилизация да 312 дауыспен 90 күнге ұзартылды.
Президент Зеленский 2025 жылдың желтоқсанында соғыс Украина қауіпсіздік кепілдіктерін алғанға дейін аяқталмайтынын, ал сол уақытқа дейін әскери жағдай да жалғасатынын мәлімдеген еді.
Еске сала кетейік, Украинада әскери жағдай Ресейдің толыққанды басып кіруінен кейін, 2022 жылдың ақпанында енгізілген болатын. Сол кезде Зеленский жалпы мобилизация туралы заңға қол қойған. Ал 2025 жылдың тамызында үкімет 18–22 жас аралығындағы жастарға елден шығуға рұқсат берген еді.
В Атырау -8