
Иранда экономикалық қиындықтарға байланысты басталған наразылықтар кезінде қаза тапқандардың саны 2 615 адамға жетті. Бұл туралы АА АҚШ-та орналасқан құқық қорғаушылардың HRANA жаңалық агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, наразылықтар Ислам Республикасының көптеген аймақтарын қамтыды. Бүліктер барысында 2 054 адам жарақат алған, тағы 18 470 адам ұсталған.
Иран билігі әлі күнге дейін қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ресми мәлімет жариялаған жоқ. Бұған дейін HRANA 2 550 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.
Ирандағы наразылықтар 2025 жылдың 28 желтоқсанында Тегерандағы тарихи «Гранд-базарда» басталды. Саудагерлер ұлттық валютаның күрт құнсыздануына және экономикалық қиындықтардың күшеюіне қарсы шыққан. Кейін шерулер елдің көптеген қалаларына тарады.
2026 жылдың 8 қаңтарында Тегеранда жағдай күрт шиеленісті. Бүлікшілер көптеген автобустар мен жедел жәрдем көліктерін, ондаған тұрғын үйлерді, банктерді, мешіттерді, ауруханаларды және басқа да мемлекеттік әрі қоғамдық нысандарды өртеп, қиратты.
Наразылықтар күшейген соң, Иран билігі ел бойынша интернетке қолжетімділікті шектеді.
В Атырау -8