
«Северсталь» компаниясының құрамына кіретін Череповец металлургия комбинатының (ЧерМК) өнеркәсіптік алаңында мердігер ұйымның екі қызметкерінің сүйегі табылды. Оның екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы.
Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
«Северсталь» компаниясының ақпаратына сәйкес, оқиға 14 қаңтарда болған. Екі ер азамат кәсіпорынның өнеркәсіптік алаңында табылды. Қазір олардың не себептен көз жұмғанын анықтау үшін оқиға орнында шұғыл және тергеу қызметтері жұмыс жүргізіп жатыр.
«Қаза болған қызметкерлердің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Вологда облысы бойынша Тергеу басқармасы оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын растады. Қажетті тексеру шаралары жүргізіліп жатыр, олардың қорытындысы бойынша болған оқиғаға құқықтық баға беріледі.
В Атырау -6