
Жауын-шашыннан кейінгі көктайғақ салдарынан Махамбет және Индер аудандарының коммуналдық қызметінің жұмысын күшейтуге тура келді.
Екі ауданда да сынықпен ауруханаға ешкім жүгінбеген.
Махамбет ауданында көктайғаққа байланысты шаралар жіті қолға алынған. Аудан орталығында және ауылдарда көше жолдары мен нысандар алдында тұз аралас топырақ шашылып жатыр. Бұған 11 техника тартылған. 10 тонна тұз, 30 тонна топырақ шашылды. Көлік көп жүретін жолдар қазірдің өзінде еріп жатыр, - деп хабарлады аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Индер ауданындағы көктайғаққа қарсы 6 техника: 1 погрузчик, 1 КДМ, 1 бобкад және 3 "Беларус" тракторы тұз аралас топырақ шашып жатыр. Көктоғайда 1, Өрлікте 1, Есболда 2, Елтайда 3 техника жүр, деп хабарлады аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин.
Көктайғаққа байланысты екі аудандағы 30 мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -6