Атырау, 14 қаңтар 19:16
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Сатылатын марапаттар: парламентте мәселе көтерілді

114 рет қаралды
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай 14 қаңтардағы депутаттық сауалында беріліп жатқан марапаттардың құнсызданып бара жатқанын айтып, марапаттау жүйесін реттеуді ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, атақ пен медаль таратуды кәсіпке айналдырған белгісіз қоғамдық ұйымдар көбейген. Депутаттың мәлімдеуінше, кейбір атақтар мен төсбелгілер ашық немесе жасырын түрде 20 мыңнан 100 мың теңгеге дейін сатылып жатыр. Мұндай марапаттар салтанатты шаралар арқылы кәсіпкерлер мен мұғалімдерге үлестіріледі.

Мақсат Толықбай мәселе марапат алуда емес, оның қандай негізде және қандай жолмен беріліп жатқанында екенін атап өтті. Ол әсіресе бұл үрдістің білім беру саласына еніп, мұғалімдердің кәсіби бағасы білім сапасымен емес, медаль саны арқылы өлшеніп жатқанын сынға алды.

Осыған байланысты депутат мемлекеттік наградалар туралы заң нормаларының орындалуын күшейтуді, қоғамдық марапаттарды заңсыз таратқандарға жауапкершілік қарастыруды, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық марапаттардың бірыңғай цифрлық тіркелімін енгізуді ұсынды.

Бүгін, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.