Атырау, 26 қараша 08:27
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Нөкер - иттің сырттаны

4 941 просмотра

29 қыркүйекте Жеңіс саябағы маңындағы спорттық-сауықтыру кешенінде Атырауда алғаш рет ұйымдастырылған алуан түрлі тұқымдас иттер көрмесі өтті.

Атырау облыстық әуесқой ит асыраушылар бірлестігінің директоры Гүлмира ЕРКІНОВАНЫҢ айтуынша, көрмеге өздерінің асыранды жануарларымен клуб мүшелері және басқа да осындай асыл тұқымды төрт аяқтылардың иелері қатысып, барлығы 36 ит додаға түсті. Басым көпшілігі неміс овчаркалары екен, алайда басқа тұқымдар – швейцариялық ақ овчарка, бельгиялық овчарка, ұзын жүнді колли, ротвейлер, орыс тазысы, қазақ тазысы, шығыс еуропалық овчаркалар да болды. Бәрінің шыққан тегі белгілі.

Байқауға арнайы шақыртылған сарапшы «Қазақстан кинологтар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Наталья ДРОВОСЕКОВА иттерге бір қарап-ақ, қасиетін аңғаратын сияқты.  Өйткені ол халықаралық стандарт бойынша бағалайды. Жануарлар да мұны сезініп, біреулері жүрексініп, қысылса, ал біреулері, керісінше, өзін ерекше көрсету үшін барын салуда.

Нөкер - көрме жеңімпазыНөкер - көрме жеңімпазы...Жарыс жолында Сенсей атты неміс овчаркасы.

- Бойы жақсы, барлық дене бітімі жақсы үйлесім тапқан, - дейді Н. Дровосекова. Қасында тұрған қыз оны мұқият тыңдап, итті сипаттаған әр сөзін жазып алуда. – Мойыны ұзындау болса, жоғарыдан төмен төгілген жүндерін ретке келтірсе, жақсы болар еді. Басы өз тегіндей, тұмсығы ұзын, анық ашық-күңгірт бетперде.

Содан кейін ол жануар иесіне жол бойымен итпен бірге жүгіріп өтуін өтінді.

- Жоқ, сіз өте тез жүгіріп барасыз, - дейді ол алқынып қалған ит бағушыға. – Тағы бір рет, жаймен қозғалыңыз. Итіңіз жорғаша шауып барады ғой.

Тек үшінші рет қайталағанда ғана ит пен иесі сарапшының көргісі келгенін жасай алды.

- Міне, жақсы. Дәл осылай жасау керек, - деп хатшыға қарап тұрып: - Жазыңыз, бағасы - өте жақсы.

Дегенмен, барлығының жолы болмады. Кейбір қатысушылар алған әсерлерінің көптігінен иелерін тыңдаудан бас тартты.

- Біз қатты қобалжып тұрмыз, - дейді Дункан атты сабалақ жүнді колли иесі Олег ПОПОВ. – Ол осындай көрмеге бірінші рет қатысып тұр.

Владыка Московий Глориус - американдық акита.Владыка Московий Глориус - американдық акита.Ит шынымен де қобалжулы, тіпті, қасына жақындаған сәбилерге де, адамдардың басынан сипағанына да мән бермей, тұмсығын көтеріп, иесінің әр қимылына жіті қарап тұр.

- Еш қиналмай өтеді деп ойлаймын, бізге клуб нұсқаушысы Ришат Бореев жүргізген сабақтардың көмегі көп тиді, - деп сөзін жалғады ит иесі. Көрмеде Дункан өз тегінің үздігі болып танылды.

Иттер арасында байқауға қатысушылардан өзге қонақтар да бар екен.

- Мен өз кішкентайымды басқа иттерге қарасын, қызықты болар деп әкелдім, - дейді сүп-сүйкімді Уля атты тойпуделясын қойнына қысқан әйел. Ал жануар иесінің иығына қарай асынып, жан-жағына қорқа қарайды. – Келесі жолы міндетті түрде қатысамыз, иә ма, қызым?

Ересек иттер арасында чемпион титулын Серік Айтпаевтың Нөкер атты бельгиялық овчаркасы ұтып алды. Ал Атырау қаласының үздігі атағын Олеся Крашенин Никованың Владыка Московий Глориусы жеңіп алды.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор және Қанат ЕЛЕУОВ

3 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.