
Британдық BBC Sport басылымы Лондонның «Челси» клубының жаңа ойыншылары туралы материалында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевты атап өтті. 17 жастағы футболшы жыл соңына қарай Лиам Росеньор баптайтын командаға қосылуды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта Дастан Сәтпаев «Қайрат» клубында жалға алынған негізде өнер көрсетіп жүр. BBC дерегінше, «Челси» болашағынан үміт күттіретін жас ойыншыларды іріктеп, құрамын жүйелі түрде жасақтауды жалғастыруда.
Материалда клубтың келесі маусымға жоспарлап отырған бірқатар трансферлері аталды. Атап айтқанда, «Челси» «Спортинг» шабуылшысы Жеовани Кенданы (құны 40 млн фунт), «Страсбур» клубының шабуылшысы Эмануэль Эмегханы, «Қайрат» командасының ойыншысы Дастан Сәтпаевты, сондай-ақ «Коринтианс» клубының сол жақ қорғаушысы Деннер Эванжелистаны өз қатарына қосуды көздеп отыр.
Сонымен қатар, лондондық клуб «Индепендьенте дель Валье» командасының қорғаушысы Дейнер Ордоньестің трансферін ресми түрде рәсімдегені, футболшының «Челси» сапына 2028 жылдың қаңтарында қосылатыны хабарланды.
В Атырау -4