Атырау, 14 қаңтар 17:47
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Ақтөбе және Қызылода облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылады

85 рет қаралды

"ҚазАвтоЖол" Ақтөбе және Қызылорда облыстарында  ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылатыны туралы шұғыл ақпарат жариялады.

2026 жылғы 14 қаңтар сағат 16:00-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:

Ақтөбе облысы:

- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).

Қызылорда облысы:

- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым  аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).

Жолды 2026 жылғы 15 қаңтар сағат 00:00-де ашу жоспарланып отыр. 

Бүгін, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.