
Польша президенті Кароль Навроцкий Дональд Трампты Владимир Путиннің Еуропаға төндірген қаупін тоқтата алатын жалғыз әлемдік көшбасшы деп атады, деп хабарлайды Би-би-си.
Ұлыбританияға сапармен барған Навроцкий Би-би-сиге берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путинге сенуге болмайтынын, ал еуропалық көшбасшылар АҚШ президентіне Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған күш-жігерінде қолдау көрсету үшін бар күшін салуы керектігін айтты. Вашингтонның Гренландияны аннексиялау қаупіне қарамастан, президент Навроцкий АҚШ-ты әлі де Еуропа қауіпсіздігінің кепілі деп санайтынын және президент Трамп қолдау мен құрметке лайық екенін мәлімдеді.
Навроцкийдің айтуынша, Ресейдің Еуропаға қарсы гибридті соғысы жағдайында АҚШ президенті ғана "бұл мәселені шеше" алады, сондай-ақ Украинадағы соғысты тоқтата алады.
Навроцкий президент болып сайланғанға дейін де Трамптың жақтаушысы болып саналған. Президент ретіндегі алғашқы шетелдік сапарын ол АҚШ-қа жасады.
В Атырау -4