Атырау, 6 ақпан 23:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46

Қазақстанда спирттік ішімдіктерге қатысты шектеулерді күшейту мәселесі көтерілді

272 рет қаралды

Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, алкогольді тұтыну елдегі қылмыстың өршуіне тікелей әсер етеді. Оның сөзінше, Қазақстан жыл сайын өз азаматтарынан айырылып, бұл мәселе мемлекеттік деңгейде назар аударуды қажет етеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Осыған байланысты депутат алкоголь өнімдерін сату және оған бақылау жасау тәртібін қатаңдатуды ұсынды. Мәжіліс отырысында ол былай деді: "Еліміздегі кісі өлтірудің жартысы, зорлау мен бұзақылықтың әрбір үштен бірі мас күйінде жасалады. Тонау, жол апаты және отбасылық зорлық-зомбылық сияқты құқықбұзушылықтардың жартысынан астамы алкогольді ішімдік ішкеннен кейін орын алады".

Депутат бұрынғы заңнамада болған, балалар мекемелері мен білім беру орындарынан 100 метр радиуста алкоголь сатуға тыйым салатын ережені қайта енгізуді ұсынды. Сонымен қатар, оның пікірінше, алкоголь өнімдерін сататын дүкендердің санын шектеу қажет.

Ол сауда орындарында кешкі сағат 8-ден кейін, ал дәмханалар мен мейрамханаларда кешкі сағат 10-нан кейін алкоголь сатуға тыйым салуды ұсынды.


14 қаңтар, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.