
Шу аудандық соты Қордай ауданының төрт тұрғынына қатысты айыптау үкімін шығарды. Олар аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз иемденіп, өткізу мақсатында сақтағаны үшін кінәлі деп танылды.
Тергеу барысында тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 53,6 килограммды құрады. Сотталушылар бұған дейін де осындай ауыр қылмыстар үшін жауапқа тартылғаны анықталды.
Айыпталушылар өз кінәларын мойындамағанымен, мемлекеттік айыптаушы олардың әрқайсысының қылмысқа қатысын және рөлін толық дәлелдеп шықты.
Қылмыстың қайталануы мен бұрынғы соттылықтарын ескере отырып, сот төрт азаматқа 7 жылдан 11 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
В Атырау -4