Атырау, 14 қаңтар 15:51
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Жалған жазбаға байланысты неке жарамсыз деп танылды

108 рет қаралды
ЖИ арқылы жасалған сурет
ЖИ арқылы жасалған сурет

Жамбыл облысының тұрғыны некені жарамсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгінді.

Ол 1991 жылы жауапкермен бірге тұрғанын, бірақ төрт айдан кейін айырылысып кеткенін айтты. Тараптар некені тіркеу үшін АХАТ органдарына жүгінбеген, құжаттарға қол қоймаған және неке куәлігін алмаған.

2025 жылы ер адам банк қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінен өз атына 1991 жылы неке тіркелгенін білген. Құжаттарды қолдан жасау белгілері бойынша тергеу басталғанымен, ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды.

Іс материалдарында азаматтық хал актілерін тіркеу кітабында неке жазбасы бар екені анықталды, алайда қолтаңбалар талап қоюшы мен жауапкерге емес, үшінші тұлғаға тиесілі болған. 1991 жылғы кітап сақтау мерзімі аяқталғандықтан жойылған.

Сот отырысында талап қоюшының досы әрі көршісі неке рәсіміне қатыспағанын айтты. АХАТ өкілі сотқа келмеді.

Сот тараптардың некені рәсімдеу кезінде қатыспағанын заң бұзушылық деп танып, 1991 жылғы акт жазбасындағы некені жарамсыз деп жариялады. Бұған қоса, жауапкер 1994 жылы басқа адаммен, ал талап қоюшы 2001 жылы басқа азаматшамен заңды некеге тұрғаны және балалары бары анықталды.

Шешім заңды күшіне енді.

Бүгін, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.