Атырау, 14 қаңтар 15:01
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Қазақстанда сыраға цифрлық таңбалау енгізіледі

95 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сыра мен сыра сусындарын цифрлық таңбалау жүйесін кезең-кезеңімен енгізетінін хабарлады.

«Таңбалауға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» бұйрыққа сәйкес, жаңа талаптар мына мерзімдерде күшіне енеді:

  • 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – кегтер мен шөлмектердегі өнімдер үшін;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – қаңылтыр банкілердегі өнімдер үшін.

Өндірушілер мен импорттаушылар қазірдің өзінде tanba.markirovka.kz мекенжайы арқылы Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесіне (ТТҚ АЖ) тіркеле алады. Жүйе өнім туралы деректерді енгізуге және өндіріс пен логистикада Data Matrix кодтарын қолдануға мүмкіндік береді.

Цифрлық таңбалау нарықтағы ашықтықты арттыруға, тауар қозғалысын бақылауды жетілдіруге және тұтынушылар үшін тұрақты орта қалыптастыруға бағытталған. Бұған дейін сыра мен сыра сусындары есепке алу-бақылау маркаларымен таңбаланбаған еді.

Жаңа жүйе нарықты заңды әрі тұрақты дамытуға қосымша жағдай жасайды.

Бүгін, 13:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.