Атырау, 14 қаңтар 14:28
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Қазақстанда ата-аналар үйде​ балаларын есірткіге тексере алады

81 рет қаралды

Қазақстанда ата-аналарға балаларын үй жағдайында есірткі қолданғанын тексеруге мүмкіндік берілді. Енді дәріханаларда 48 түрлі тыйым салынған затты анықтайтын экспресс-тесттер сатылуда, деп хабарлайды «31 арна».

Ішкі істер министрлігі бұл жаңашылдық жазалау шарасы емес екенін, басты мақсат – мәселені ерте анықтап, дер кезінде әрекет ету екенін атап өтті.

Комитет төраға орынбасары Қуандық Әлжановтың айтуынша, отбасы есірткіге қарсы профилактикада шешуші рөл атқарады. Ерте анықтау арқылы емдеуді немесе психологиялық түзету әдістерін уақытында қолдануға болады.

Министрлік өкілдері үйде тексеру мүмкіндігі жасөспірімдер үшін қосымша психологиялық тосқауылға айналып, есірткіден сақтандыруы мүмкін екенін айтады.

Дәрігерлер бұл бастаманың өзектілігін синтетикалық есірткінің кең таралуымен байланыстырады. Мұндай заттар аса улы болып, алғашқы қабылдаудан-ақ тәуелділік тудырады және жүйке жүйесіне, ми мен бауырға ауыр зиян келтіреді.

Экспресс-тесттер қарапайым қолдануға ыңғайлы және медициналық мекемеге бармай-ақ ата-аналарға жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Министрлік: мемлекет құралды ұсынды, бірақ оны пайдалану және шешім қабылдау отбасының жауапкершілігінде екенін ескертті.

Бүгін, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.