Атырау, 14 қаңтар 13:27
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

"Самұрық-Қазына" басшысының табысы Мәжілісте сынға алынды

101 рет қаралды
Сурет: juldizdar.kz: UGC
Сурет: juldizdar.kz: UGC

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың соңғы үш жылда алған табысына қатысты мәселе көтерді. Оның айтуынша, қор басшысы осы кезеңде 805,9 млн теңге табыс тауып, іс жүзінде миллиардерге айналған, деп хабарлайды Orda.kz.

Депутат мұндай табыс көлемі жеке бизнесте қалыпты жағдай саналуы мүмкін екенін, тіпті қоғам кәсіпкерлердің табысын құптайтынын атап өтті. Алайда әңгіме мемлекеттік секторда, оның ішінде квазимемлекеттік құрылымда қызмет атқаратын тұлға туралы болғанда, бұл жағдай қоғамда заңды түрде сұрақ тудыратынын айтты.

Азат Перуашев «Ақ жол» фракциясының бұған дейін бірнеше мәрте квазимемлекеттік секторды, соның ішінде «Самұрық-Қазына» қоры мен ұлттық компаниялардың қызметін парламенттік бақылауға алу жөнінде ұсыныс жасағанын еске салды. Оның айтуынша, аталған құрылымдардың бюджеттері республикалық бюджетпен бірге, кеңейтілген форматта Мәжілісте талқылануы тиіс.

Депутаттың сөзінше, қазіргі таңда Бюджет кодексі аясында бұл есептер парламент бақылауына ұсынылып отыр, алайда Мәжіліс оларды тек ақпарат ретінде қабылдайды және бекіту құқығына ие емес. Ол мұны бақылауды күшейту жолындағы алғашқы қадам ретінде бағалады.

Сонымен қатар Перуашев парламенттің квазимемлекеттік секторды қадағалауда тек ақпарат алумен шектелмей, нақты бақылау тетіктеріне қол жеткізуі қажет екенін мәлімдеді.

Бүгін, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.