Атырау, 6 ақпан 23:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46

Түркістан облысында полиция заңсыз аң аулау дерегін анықтады

623 рет қаралды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция заңсыз аң аулау дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Түркістан облысында профилактикалық іс-шаралар өткізіп, Түлкібас ауданының аумағында заңсыз аң аулау фактісін анықтап, жолын кесті. Тәртіп сақшылары елді мекендердің бірінен Toyota автокөлігін тоқтатты.

Көлік құралын тексеру кезінде екі аңшы мылтығы, дүрбі, оқ-дәрі, сондай-ақ заңсыз атып алған елік пен түлкі анықталды. Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті шаралар атқарылып жатыр. 

Тәртіп сақшылары браконьерлік жануарлар әлеміне елеулі зиян келтіретінін және заңнамада көзделген қатаң жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертеді. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

14 қаңтар, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.