
Таиландта құрылыс краны жолаушылар пойызына құлап, салдарынан пойыз рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды АА.
Алдын ала мәлімет бойынша, кемінде 22 адам қаза тапты, 30-дан астамы жарақат алған.
Оқиға таңертең Бангкоктан солтүстік-шығысқа қарай кетіп бара жатқан пойызда орын алды. Полицияның хабарлауынша, апат Накхонратчасима провинциясының Сихио ауданында, яғни Бангкоктан шамамен 230 шақырым жерде болған.
Кран жоғары жылдамдықты теміржол құрылысына пайдаланылып жатқан.
Пойыз рельстен шыққаннан кейін өрт тұтанған, ол қазір толық сөндірілді. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Әзірге пойызда қанша жолаушы болғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
В Атырау -4