Атырау, 14 қаңтар 11:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Алматы облысында жаттығу кезінде сарбаз ​жарақат алды

97 рет қаралды
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Алматы облысында Ұлттық ұланның мерзімді қызметтегі сарбазы жоспарлы жауынгерлік жаттығу кезінде жарақат алды. Оқиға 13 қаңтар күні шамамен сағат 15:05-те Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің жаттығу полигонында болған, деп хабарлайды zakon.kz.

Гвардияның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының хабарлауынша, әскери қызметші қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан АК-74 автоматынан абайсызда өзінің сол аяғына оқ атып алған.

Жарақат алған сарбазға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр, өміріне қауіп жоқ.

Аталған дерек бойынша қызметтік тергеу басталды.

Бүгін, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.