
12 қаңтарда Париждің әлемге әйгілі Лувр музейі қызметкерлердің ереуіліне байланысты келушілер үшін жабылды, жеп хабарлайды АА.
Музей қызметкерлері еңбек жағдайын жақсартуды және басқару әдістерін қайта қарауды талап етуде. Профсоюздар Франция Мәдениет министрлігі мен музей басшылығымен жүргізілген келіссөздерде жеткілікті ілгерілеу болмағанын атап өтті.
Билеттерді алдын ала сатып алғандарға қаражат автоматты түрде қайтарылады.
Лувр кемінде 14 қаңтарға дейін жабық болады, себебі сейсенбі күндері музей дәстүрлі түрде жұмыс істемейді.
2025 жылғы 19 қазанда Луврда ірі ұрлық орын алған еді: қылмыскерлер Галерея Аполлонға терезе арқылы кіріп, екі витринаны бұзып, жалпы құны 88 млн еуро болатын сегіз зергерлік бұйымды ұрлап кеткен.
В Атырау -1