Атырау, 13 қаңтар 12:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Meta Австралияда 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің 550 мың аккаунтын жапты

67 рет қаралды

Австралияда 2025 жылғы 10 желтоқсаннан бастап әлеуметтік желілерге 16 жасқа дейінгі жасөспірмдердің кіруіне заңмен тыйым салынды, деп хабарлады АА.

Австралиялық ABC корпорациясының хабарлауынша, Meta компаниясы заңға сәйкес 16 жасқа толмағандарға тиесілі деп анықталған шамамен 550 мың аккаунтты жапты.

Компанияның дерегінше, 2025 жылғы 4–11 желтоқсан аралығында:

  • Instagram-да – 330 мың,
  • Facebook-та – 173 мың,
  • Threads-та – 39 мың аккаунт жабылған.

Meta үкіметке жастарға арналған «қауіпсіз, құпия және жас ерекшелігіне сай онлайн тәжірибелерді» дамыту үшін индустриямен конструктивті ынтымақтастық орнатуды ұсынды. Компания пайдаланушылардың жасын тексеру әдістерінің «үйлесімсіздігін» сынға алды.

Премьер-министр Энтони Альбанезе бастаған үкімет осы аптада 16 жасқа дейінгі жастарға тиесілі аккаунттар бойынша ресми деректерді жариялауы күтілуде.

Жаңа заң 10 әлеуметтік желіні қамтиды:

  • X, Instagram, Facebook, TikTok, YouTube, Snapchat, Reddit, Twitch, Threads және Kick.

Мақсат – алгоритмдер мен зиянды контенттің жастарға әсерін азайту.

Егер компаниялар 16 жасқа дейінгі балалардың аккаунттарын жою бойынша тиісті шараларды қабылдамаса, оларға 49,5 млн австралиялық доллар (шамамен 32,9 млн АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Бүгін, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.