Атырау, 12 қаңтар 20:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Ержан Бабақұмаровтың өлімі: іс сотқа жетті

111 рет қаралды

Астанада бұрынғы мемлекеттік қызметкер Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп бітті. Прокуратураның мәліметінше, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша қаралған. Күдікті қамауда отыр, материалдар заң талаптарына сәйкес сотқа жолданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елорда сотының баспасөз қызметі істің Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотқа түскенін хабарлады. Бұл істі судья Айжан Құлбаева қарайды. Ол бұған дейін экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты Салтанат Нүкенованың өлімі ісі бойынша үкім шығарған. Алдын ала сот отырысы 19 қаңтарға белгіленген.

Еске салсақ, 30 қазанға қараған түні Ержан Бабақұмаров танысымен жанжал кезінде қаза тапқан. Ол 1969 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген. Саяси ғылымдар кандидаты, 1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдар атқарған. Әр жылдары Президент Әкімшілігінде, Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Премьер-министр кеңсесінде және Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық қызметтерде болды.

2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың ақпанына дейін Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ал биыл Астанада мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталып, сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынған еді. Сонымен қатар жүргізуші куәлігінен жеті жылға айырылған.

Бүгін, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.