Атырау, 26 желтоқсан 22:46
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Балабақшаға қашан барамыз?

2 492 просмотра

Қызылқоға ауданына қарасты Жасқайрат ауылындағы «Өрімтал» балабақшасының (суретте) күрделі жөндеу жұмысы жаңа оқу жылында бітуі тиіс болатын. Оны бәрі күткен еді, бірақ тапсыру мерзімі ұзаққа созылып кетті. Енді қазанда тапсырамыз деп уәде етіп отыр.

70 бүлдіршінге арналған балалар бақшасы 1975жылы салынған. Содан бері бірде-бір жөндеу көрмеген. Ал биылғы жөндеу жұмыстарының тапсырысшысы «Өрімтал» МКК болса, мердігері - «Litam Consrtuction Company» компаниясы. Бұл жұмысқа бюджеттен 24 млн теңге қаралған еді.

«Өрімтал» МКК-ның директоры Нұржамал БИСЕНҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, балабақшаның шатыры мен терезелерін ауыстыру, қабырғаларды сылау және қосалқы мердігерді екі рет ауыстыру жұмыстары көп уақыт алған. 

- Сметалық жобаны жасау кезінде балабақшаны жөндеу кезіндегі кей жұмыстардың ұмыт қалғанын кейін соңынан аңғардық, ол біздің білместігімізден болды. Аудандық қаржы бөлімімен келісе отырып, қосымша келісім-шарт жасалып, ұмытылған істер қайтадан қолға алынды, кешігудің тағы бір себебі осы, - деп хабарлады Н.Бисенғалиева.

Ал құрылысшылардың пікірінше, жөндеу жұмыстарының созылып кетуіне елді мекеннің шалғайлығынан құрылыс материалдарын жеткізу қиынға түсіп, кешігетіні және жарықтың жиі өшуі себеп болған. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.