Атырау, 12 қаңтар 13:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

"Ресей темір жолдары" АҚ-ның СҚО-дағы филиалы жауапкершілікке тартылды

74 рет қаралды
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдігі «Ресей темір жолдары» компаниясының еншілес ұйымы - Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл аймағына жүргізілген тексеруді аяқтады.

Тексерудің басталуына аймақтық кәсіпорынның «Ресей темір жолдары» АҚ ұсынатын электронды теміржол таразыларына метрологиялық қызмет көрсету бағаларына қатысты шағымы себеп болды.

Жүргізілген нарық талдауы нәтижесінде, филиалдың әрекеттері доминантты жағдайды асыра пайдалану болып танылды, бұл қызметтерге тым жоғары, монополиялық бағалардың белгіленіп, сақталуынан көрініс тапты, осы жағдай тексеруге негіз болды.

Тексеру барысында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1) тармақшасының бұзылғаны анықталды. «Ресей темір жолдары» бөлімшесіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, заң бұзушылықты жою туралы талап берілді.

2025 жылдың 24 желтоқсанында шығарылған сот үкімімен «Ресей темір жолдары» филиалына 1 880 052 теңге көлемінде айыппұл салынып, 7 327 728 теңге монополиялық табыс мемлекет пайдасына алынды. Аталған сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Департаменттің берген талабы орындалды. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды вагон таразыларына метрологиялық қызмет көрсету құны 754 698 теңгеден 536 357 теңгеге дейін төмендетілді (ҚҚС-сыз), бұл 28 пайыздан астам құлдырауды білдіреді.

Бүгін, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.